Рухани Жангыру

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласын жүзеге асыру мақсатында атқарылған
іс-шаралар
 Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру, насихаттау, талқылау және іске асыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Мақалада көрсетілген «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» негізгі бағыты бойынша университетте «Ұлы дала жастары» атты жоба жасалып, бекітілді. Ақтөбе облысының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасалуда.
                 ruh1           ruh2
   2017 жылдың сәуір – қараша айларында университеттің барлық 1 курс кураторлары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған тәрбие сағаттарын өткізді. Кафедраларда мақаланы талқылауға арналған отырыстар, пікірталастар (тақырыбы: «Латын тіліне көшу бәсекелестікке қабілеттіктерді арттыра ма?», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Прагматизм», «Туған жерге  туыңды  тік», «Ұлттық код»), дөңгелек үстелдер (тақырыбы: «Жарқын болашақ бағдары «, «Н.Назарбаев: «реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?», «Бәсекеге қабілеттілік», «Мәдени-географиялық белдеу»), презентациялар  («Жанында жүр жақсы адам», «Білімнің салтанат құруы»)  өткізілді.
                 ruh3              ruh4
   20  сәуір күні № 1 студенттік жатақханада, 21 сәуірде № 2 жатақханада және 24 сәуір күні № 4 жатақханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында студенттермен кездесулер ұйымдастырылды. Барлық кездесулерге Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасынан  өкілдер қатысты.
              ruh5             ruh6
    11 мамыр күні «Зерде» қоғамдық пікір-сайыс клубы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында пікірталас өткізді.
              ruh7              ruh8
      19 мамыр күні 1 курс студенттері «Туған жерге туың тік» атты көрініс ұйымдастырды.
             ruh9               ruh10
    22.09.2017 ж. күні шет тілдер курсының ұйымдастыруымен «Тіл - дарын» үш тілдік интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша «Тіл-дарын» атағының иегері атанып (Д.Темірзақова – жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті), алғыс хатпен марапатталды.
            ruh11               ruh12
     2017 жылдың 18 қыркүйегінде «Мәңгілік тіл – мәңгілік ел» атты шара ұйымдастырылды.  Шара барысында студенттер латын әліпбиіне көшу   туралы пікір алысты.

      2017 жылдың 18 қыркүйегінде «Мәңгілік тіл – мәңгілік ел» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер латын әліпбиіне көшу ту ралы пікір алысты.
      23 қыркүйек күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған киноклуб отырысы өткізілді. Отырыста қоғамдық сананың жаңғыруының бағыттары талқыланды.
      18 қыркүйек күні стоматология факультеті студенттерінің қатысуымен «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізілді.
     27 қазанда «МедАrt» студенттік жастар театры Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» атты қойылым ұйымдастырды.
   Ақтөбеде 28 қыркүйекте өткен «Туған жер» форумы аясында мерекелік шарада біздің университет оқытушылары мен студенттері де өз үлестерін қосты.

          ruh13              ruh14

    16 қазан күні № 1,2,4 жатақханаларда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында облыстық ресурстық орталығының өкілдері тренинг ұйымдастырып, студенттердің пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
         Қараша айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында университет кітапханасында көрме өткізілді.
     30 қарашада Елбасы Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген қалалық шығармалар байқауында 1 курс студенті Есіркеп Аружан (кураторы Б.Молдин) жүлделі 1-орынды иеленді. Сонымен қатар Қазақстан тарихы жəне қоғамдық пəндер кафедрасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Төлепбергени Жанар Төлеубайқызы қала əкімінің алғыс хатымен марапатталды.
      9 желтоқсанда патриоттық бағытта Т.Айбергеновтің шығармашылығына арналған көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
   Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында жəне Астана қаласының 20 жылдығына орай "Жыр жазамын жүрегімнен"атты жас ақындар мүшəйрасы жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау барысында жас ақындар өз шығармашылығынан Астана қаласының 20 жылдығына жəне еркін тақырыпта шығарған жырларын оқыды.
Желтоқсан айында №1 жатақхана Студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен Сурет көрме сайысы өткізілді.
Тəуелсіздік күні қарсаңында Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты кездесу өтті. Кездесу қонақтары ақын Гүлімай Əбішқызы мен меценат Бижан Қуанышкерейұлы жастарға ғибратты əңгімелерін айтып, поэзия оқып, студенттер өз өнерлерін көрсетті.
       14 желтоқсан күні кураторлардың ұйымдастыруымен 1-курстар арасында «Патриоттық әндер кеші» өтті.
Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында 15 желтоқсанда "Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Айтылған ақпараттарды қорытындылау мақсатында топ студенттерін үш топқа бөліп, интеллектуалды ойын ұйымдастырылды, тапсырмалар студенттердің баяндамаларынан алынды.
Қазақстан тарихы кафедрасының жетекшісі А.Т.Тайжанов келесі тақырыптарда мақала жазып, баяндамалар жасады:
1. «Рухани құндылықтар қалыптасуындағы діни танымның ролі» тақырыбында баяндама, «Зайырлылық. Ұлттық құндылық. Жоғары руханият» атты конференциясы
2. «Рухани жаңғыру және ұлттық санадағы прагматизм» тақырыбында баяндама, «Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру –сапалы білім беру шарты» аймақтық онлайн форумы
3. «Ұлтымыздың рухани жаңғыруы мен жастарға патриоттық тәрбие беруде тарихи тұлғалардың ерлік істерін үлгілеудің маңызы» тақырыбында баяндама, Қазақ халқының Батыр қыздары Ә.Молдағұлованың құрметіне, М.Мәметова мен Х. Доспанованың 95 жылдығына арналған «Үш жұлдызы Батыстың» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы
4. «ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – рухани болмысты дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ролі» мақаласы, Марат Оспанов атындағы БҚММУ 60 жылдығына арналған конференциясы
5. «Жаңа әліпбиге көшу заман талабы» тақырыбында мақала, «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журнал
6. «Ел болашағы – білімнің салтанат құруында» тақырыбында мақала, «Үш таған» рухани-танымдық журналы.
    Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласын жүзеге асыру мақсатында "Жалын" пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен "Ректор кубогіне" арналған "Руxани жаңғыру тарлан тариxтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың тұғырнамасы" атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша, үздік ойын көрсете біліп, жүлделі орындарға ие болған студенттерге жеңімпаз кубогы, арнайы дипломдар жəне естелік сыйлықтар табысталды. Осы турнирдің тағы бір ерекшелігі, Ақтөбе пікірсайысындағы жаңалық "Жалынды жұлдыз" жобасы болды. "Жалынды жұлдыз" ауыспалы кубогының мақсаты облысымыздағы ЛД форматындағы үздіктерді анықтау.        Бұл жоба дəстүрлі түрде "Жалын"ПК ұйымдастыруымен өткізілді.
     Кураторлар Кеңесінің ұйымдастыруымен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 27 ақпан күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің Ректорат залында «Бәсекеге қабілетті маман даярлау – заман талабы» тақырыбында топ кураторлары арасында дөңгелек үстел өткізілді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет беріліп, «Өндірістің қажеттілігіне қарай мамандар дайындау-уақыт талабы. Марат Оспанов атындағы БҚММУ мысалында» жəне «Білім беру процесінде "Үш тұғырлы тіл" мәдени жобасын іске асыру» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Көп сұрақтар талқыланып, «4 кіші бағдарлама» бойынша ақпараттық тренинг өткізілді.
     Батыс Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихының және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің мұражайына студенттер мен мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар, ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Мұражайдағы тарихи құндылықтар жаңартылып, мәдени жәдігерлермен толықтырылды. Көптеген құнды дүниелер қалпына келтірілді.

 
 
 
 

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbaner

antikorru

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    БҚММУ 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...
  • История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ...

  • 60-летию видео
    Фильм посвященный к 60-летию ЗКГМУ им. Марата Оспанова
  • LVI научная конференция студентов и молодых учёных ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    LVI научная конференция студентов и молодых учёных...

  • Хор

    Хор "Ювентус" ЗКГМУ имени Марата Оспанова