Жаңалықтар

М.Оспанов атындағы БҚММУ-і мен «Aktobemedicalcenter» арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды

   Денсаулық сақтау – ұлт денсаулығын қамтамасыз ететін, халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын әлеуметтік саланың негізгі саласы. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласында интеграцияның маңызды бағыттарының бірі – «Aktobemedicalcenter» өңірлік медициналық кластерін құру, оның басым бағыттары - бірегей медициналық қызметтер пакетін құру, озық сапа стандарттарын енгізу, кластерлік инфрақұрылымды құру және дамыту, материалдық-техникалық жабдықтарды нығайту және т.б. болып табылады. 
  «№1 ішкі аурулар» кафедрасының қызметкерлері «Aktobe medical center» қызметінде маңызды рөл атқарады. Олар «Жалпы медицина» факультетінің 4-курс, «Стоматология» факультетінің 3-курс медицина бакалаврларын оқытумен қатар, резидент-гастроэнтеролог және эндокринолог, магистранттар және докторанттарды (PhD) дайындайды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының практикалық денсаулық сақтау саласына жыл сайын гастроэнтеролог және эндокринолог мамандарды дайындап шығарады.
  Клиникалық бөлімшелердің көп бейінділігі студенттер мен тұрғындарға әртүрлі диагностикалық бөлімшелерде заманауи диагностика мен визуализация әдістерін меңгере отырып тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
  – Біздің кафедра үлкен, құрылған күнінен бастап «Aktobe medical center»-дің базасындамыз, осында барлық терапиялық науқастарды бақылауда ұстаймыз. 2017 жылы барлық Батыс аймағынан 3000-нан астам науқастарды қабылдадық және тексерістен өткіздік. Базалық клиникада функционалдық кардиологиялық зерттеулер үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған бөлмелер, эндоскопиялық және бронхоскопиялық бөлмелер, ультрадыбыстық диагностикалық бөлмелер бар және допплерлік эхокардиография, компьютерлік және магниттік-резонансты томографтар, сараптамалық кластың ультрадыбыстық сканерлері, «жасанды бүйрек» және «жасанды бауыр» аппараттары, R-скопиялық қашықтан басқарылатын аппараттарымен жабдықталған. Бізде мұнда практикалық зерттеулер мен сабақтар өткізуге арналған барлық жағдайлар жасалған, – дейді №1 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі Ерлан Базарғалиев.
  Эндоскопия және функционалдық диагностика бөлімінде видео-гастроскопия, колоноскопия, ректороманоскопия, ЭРХПГ, ЭПСТ, холангиография, полипэктомия жүргізіледі, өңеш, ішек стенділерін қондыру, өңештің варикозды тамырларының қан тамырларына клипс салу және склероздау, асқазан-ішек жолдарынан қан кету жағдайларында шұғыл көмек көрсетіледі. Резидент-гастроэнтерологтар диагностикалық әдістерге еркін қол жеткізе алады (рентген, УДЗ - диагностика, рН – метрия және хелиобактерге тест). «Aktobemedicalcenter» базасында гастроэнтерологиялық бөлім жұмыс істейді, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында терапия бөлімінде ойық жаралы колиті бар науқастар үшін 2016 жылғы инфликсимаб (ремикейд) және 2017 жылғы адалимумаб (хумира) биологиялық препараттарымен инновациялық емдеу әдістері қолданылады.
                 medcentre 2 medcentre 3
   - Клиника базасында практикалық жаттығулар теориялық білімдерді бекітеді және клиникалық ойлауды дамытады, студенттер ішкі ағзалардың даму себептері мен механизмдерін талдауға үйренеді және клиникалық мәселелерді шешу үшін қосымша білім мен дағдыларды меңгереді. Кафедраның студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері кафедраның клиникалық базасында жүргізілетін ғылыми зерттеулерге белсене қатысады. Мысалы, Новосибирскідегі конференцияда студенттермен бірлесіп жүргізілген ғылыми жұмыстар 3 орынға ие болды, - деп атап өтті мақтанышпен Ерлан Базарғалиев.
  Кафедраның клиникалық жұмыстары кафедра қызметкерлері және резиденттердің науқастарды күнделікті қадағалауы және студенттердің кәсіби тәжірибе курстары аясында жүзеге асырылады.
  №1 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері «Aktobemedicalcenter» қызметкерлерімен бірлесіп семинарларға, клиникалық, патологоанатомиялық және ғылыми-практикалық конференцияларға, сараптамалық комиссиялардың, консилиумдардың жұмысына қатысады және зерттеу жүргізеді. Осылайша, бірлескен қызмет нәтижесінде симптомдық артериялық гипертензияның вазоренальды нысаны бар науқастарды емдеуде авторлық куәлік алынды. Аурухана қызметкерлері кафедра қызметкерлерімен бірге жыл сайын Алматы қаласындағы конференцияда баяндамаларымен қатысады, қант диабетін алдын-алу және емдеу бойынша іс-шаралар жүргізеді.
 Кафедраның клиникалық базасының жабдықтары білім беру процесін сапалы ұйымдастыруға және Қазақстанның Батыс өңіріндегі тұрғындарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық және амбулаториялық-ауруханалық көмек көрсетуге ықпал етеді.
Кластердегі бірлескен жұмыстар өз жемістерін береді, яғни «Aktobe medical center» өз міндеттерін 100%-ға орындайды

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

banner gal

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...