Жаңалықтар

«Адам және жануарлардың іргелі және қолданбалы морфологиясының өзекті мәселелері» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

      Марат Оспанов атындағы БҚММУ-да ҚР МҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Умбетов Туракбай Жетеновичтың 80 жылдығына арналған «Адам және жануарлардың іргелі және қолданбалы морфологиясының өзекті мәселелері» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.
       Ауқымды іс-шараға АҚШ, Польша, Ресейден келген қонақтар, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарының 200-ден астам өкілдері қатысып жатыр.
       Конференция адам мен жануарлардың іргелі және қолданбалы морфологиясының өзекті мәселелері бойынша ғылыми тәжірибе алмасуды жақсарту мақсатында өткізілуде, сонымен қатар жас мамандарды ғылыми жұмысқа тартуға, морфологиялық ғылымдар мен медициналық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
         umbetova 4 umbetova 2
      Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ербол Бекмұхамбетов конференцияның ашылу салтанатында медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Медициналық ғылым академиясының академигі УмбетовТұрақбай Жетеновичтің туылғанына 80 жыл толуына арналғанын атап өтті.
umbetova 5     Академик 52 жыл ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады. Тұрақбай Жетеновичтің ғылымдағы алғашқы қадамы 1966 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Қалыпты анатомия» кафедрасында басталды. 2006 жылы ҚР медициналық ғылымдар академиясының академигі атағына ие болды.
   Автор 11 рационализаторлық ұсыныстың, 5 өнертабыс, 10 монография, 390-дан астам ғылыми мақала және 10 оқу-әдістемелік құрал 14 медицина ғылымдарының кандидаты, 1 медицина ғылымдарының докторы және 3 медицина магистрін дайындады, сондай-ақ, магистранттар мен докторанттарға морфологиялық пәндер бойынша кеңес береді.
   Тұрақбай Жентеновичтың жетекшілігімен гистология, қалыпты анатомия, акушерлік және гинекология, тіс ауруларының травматологиясы, хирургия, онкология, Репродуктивті және отбасылық жоспарлау орталығында иммундық жүйе мүшелерінің морфофункционалды жағдайына экзогендік және эндогенді факторлардың әсерін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Профессор Ресей мен Украинаның жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен аймақаралық ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Гистология бойынша оқулықтар шығарды, оқытушылар мен студенттерге арналған 5 әдістемелік ұсыныс, терминологиялық сөздік, 4 стандартты бағдарлама әзірленді, олар Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-да қолданылады.
   Ербол Жасұланович академиктің 2006 жылы белсенді педагогикалық қызметі үшін «ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» грант иегері атанғын иеленгенін ерекше атап өтті.

 

umbetova 3
     Мерейтой иесі М. Оспанов атындағы БҚММУ қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 25 жылдан астам уақыт бойы морфологиялық пәндер бойынша ғылыми-әдістемелік комиссияны басқарды.
    2012 жылы Университетте ҚР МҒА академигі Т.Ж.Умбетовтың ғылыми-педагогикалық мектебі құрылды. Мұнда оқытушылар ғана емес, біздің университетіміздің барлық факультеттері мен курстары студенттерінің медициналық білім берудегі морфологиялық ғылымның өзектілігі мен маңыздылығын көрсететін жұмыс істейді.
       umbetova 1 umbetova 6
     Конференция барысында лимфология және онколимфология мәселелеріне қатысты мәселелер талқыланып, медициналық білім беру жүйесінің жағдайында оқытудың теориялық және әдістемелік басымдықтары қарастырылады.
Барлығы 36 баяндама тыңдалады, шебер-класстар, секциялық мәжілістер өткізіледі.

 

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    БҚММУ 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...
  • История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ...

  • 60-летию видео
    Фильм посвященный к 60-летию ЗКГМУ им. Марата Оспанова
  • LVI научная конференция студентов и молодых учёных ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    LVI научная конференция студентов и молодых учёных...

  • Хор

    Хор "Ювентус" ЗКГМУ имени Марата Оспанова