Стоматология, фармация, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау факультеті

Стоматология, фармация, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау факультеті

    Факультетте «стоматология», «фармация», «мейіргер ісі», «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандарды даярлайды.
    Факультеттің негізгі мақсаты - өз ісін жетік білетін, білімді, тәрбиелі, сапалы кәсіби дайындығы бар және нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
    Алғашқыда бөлек құрылымдық бөлімшелер болып ашылған әр факультеттің бай тарихы бар.
    «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау 2007 жылдан бастап жүзеге асырылады. Бұл мамандық бойынша студенттер 4 жыл оқиды, бітіргеннен кейін оларға «мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі және «Мейірбике» квалификациясы мен жоғары білім алғаны туралы диплом беріледі. Бұл мамандықтың иегерлері мейірбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары, аға мейірбике, хоспис меңгерушісі, колледждерде мейірбике ісі негіздері пәнінің оқытушысы ретінде жұмыс жасай алады, сонымен қатар, магистратурада оқуды жалғастыра алады.
    Стоматология факультетіне алғашқы студенттер 1999 жылы қабылданды. Факультеттің ашылуына сол кездегі ректор проф. Ж.А. Досқалиев, проф. М.К. Ізтлеуов зор үлес қосты. 2007 жылдың шілде айына дейін факультет деканының міндетін балалар хирургиясы кафедрасының доценті, м.ғ.к. А.М. Байменов атқарды. 2007 жылғы шілде айынан бастап стоматология факультетінің деканы болып м.ғ.к., доцент Б.С. Жаналина тағайындалды.
baimenov

М.ғ.к., доцент А.М. Байменов

     Стоматология факультетінің дамуына ректор С.Ф. Беркінбаевтің қосқан үлесі зор. Оның қолдауымен факультеттің клиникалық базасына айналған стоматологиялық емхана ашылды. 2005 жылы қазан айында стоматология кафедрасының негізінде 2 кафедра қаланды: хирургиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы (жетекшісі доцент, м.ғ.к. Үмбетьяров Б.А.), балалар жасындағы, ортодонтиялық стоматология кафедрасы (жетекшісі м.ғ.к., доцент Жаналина Б.С.). 2008 жылғы тамыз айында стоматология факультеті мейірбике ісі және орта білімнен кейінгі факультеттерімен біріктірілді. 

    Санитарлық - гигиеналық факультет 1999 жылы 26 сәуірде ашылған болатын. Деканы болып м.ғ.д., М.К.Ізтлеуов тағайындалды.

iztleuov

                                                                                      М.ғ.д., проф.М.К.Ізтлеуов

     Осы жылдың аяғында ҚР ДСМ АММИ жанынан медицина-профилактикалық факультеті ашылды. Факультеттің міндеті - Батыс Қазақстан өңірінің және Қызылорда облысының санитарлық және эпидемияға қарсы қызметі үшін эпидемиологтар, гигиенистер мен бактериологтарды даярлау болып табылады. 1999 жылдан бастап 2008 жылға дейін факультеттің бірінші деканы болып м.ғ.к., доцент М.С.Құрманғазин жұмыс жасады. 

kurmangazin

М.ғ.к., доцент М.С.Құрманғазин

    Ал 2008-2011 факультетке м.ғ.к., доцент А.М.Байменов басшылық етті. 1999-2000 жж. факультеттің құрамында екі кафедра болған. Факультеттің құрылуы кезеңінде профилді кафедралар ашылған: коммуналды гигиена және еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, және эпидемиология, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру.
    2001 жылы университетте фармацевтикалық кадрларға тапшы батыс аймағы үшін үлкен болашағы бар фармацевтикалық факультет ашылды. Оның алғашқы деканы, доцент М.С.Құрманғазин болып тағайындалды. 2006-2008 жылдар аралығында факультетке Г.А.Адилова, 2008-2011 жылдар аралығында А.М.Байменов, ал 2011-2013 жылдарда м.ғ.к., С.С.Искакова, 2012-2013 жж. м.ғ.к. Е.М.Ізтлеуов басшылық етті.
      Алғашқыда факультеттегі студенттер күндізгі және сырттай бөлімдерінде оқыды. Қазіргі уақытта тек күндізгі бөлімі ғана бар.
   Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті 2007 жылы ашылды. Сол жылдары бірінші курсқа 84 студент қабылданды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бакалавр-түлектер үшін кәсіби қызметтің аясы – денсаулық сақтаудағы менеджмент, валеология, медициналық статистика, әлеуметтік медицина.
    2014 жылғы 17 сәуірінде университеттегі факультеттер құрылымын қайта қарау нәтижесінде стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық іс және мейірбике ісі факультеттері біріктірілді. Факультет деканы болып медицина ғылымдарының кандидаты Султанова Гульнар Достановна тағайындалды.
Султанова Гульнар Достановна 1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматологиялық факультетін тамамдады. 1995 жылы хирургиялық стоматология бойынша клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін, университетте оқытушы қызметін бастады. 2007 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.

sultanova

М.ғ.к. Г.Д. Султанова

  Қазіргі кезде факультет деканатында 4 адам жұмыс жасайды: декан м.ғ.к. Г.Д.Султанова, декан орынбасары м.ғ.к. М.С.Жайлыбаев, әдіскерлер Г.Р.Қожанова және Ж.Е.Жулдубаева.

kol dekanata stom

  

  

 mediki vrachirepo

osmsbankz

antikorkz

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...
  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • БҚММУ 60 жыл!

    БҚММУ 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • anti korr
  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • 60-летию видео
    Фильм посвященный к 60-летию ЗКГМУ им. Марата Оспанова
  • История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ...

  • LVI научная конференция студентов и молодых учёных ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    LVI научная конференция студентов и молодых учёных...

  • Хор

    Хор "Ювентус" ЗКГМУ имени Марата Оспанова